Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Ұлағатты сөздер (123) Әзіл, анекдоттар (3)

Негізі байлықтың бәрі қолда не сыртта емес ол мидың ішінде! Адам қолымен байымайды, адам миымен байлыққа қол жеткізеді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, байлық, ми Нарша Булгакбаев

Біз сенуіміз керектің ең жақсысы – ол ақиқат!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сенім, ақиқат Нарша Булгакбаев

Біздің көпшілігіміз өмір бойы санамыздың ішінде алтын сандығымыз бар екенін, бірақ оны ешқашан пайдаланбайтынымыз туралы ойладыңыз ба?

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сана, алтын Нарша Булгакбаев

Әрдайым есте сақтаңыз, сіздің бейсанаңыз өзінің қайнар көзі – «Әмбебап (жалпыға ортақ ақиқат) Ақылдың» даналығына ашық болуы керек. Осы даналыққа сеніңіз, сонда сіз аз қателіктер жіберіп, сау және бақытты боласыз. Сіз жемісті өмір сүретін боласыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сана, ақыл, даналық, сенім, қателік, денсаулық, бақыт, Өмір Нарша Булгакбаев

Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан шаршамайды, егер де сіз оны дұрыс жолға бағыттай алсаңыз. Оны біздің адал пайдамыз үшін өнімді (нәтижелі) әрекетсіз әрекет жасатуға болады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сана, Өмір, пайда, қызмет, жұмыс, еңбек, шаруа, жол, адал, өнімділік, нәтиже, әрекет Нарша Булгакбаев

Қараңғылықта жарықты көре білу керек, ол сенің сыртыңда жанып тұрған жоқ, ішіңде жанып тұр, ал адамдар жарықты сонда да сырттан көргісі келеді. Сол себепті барлық данышпандардың «шын бақыт адамның ішінде» деп айтатыны да сондықтан.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қараңғы, жарық, шын бақыт Нарша Булгакбаев

Ойлау деңгейінің тереңінде біздің ақыл-ойымыздың (санамыздың) «бейсана» деп аталатын керемет бөлігі жатыр. Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі ешкім оның нақты мәнісін және шексіз мүмкіндіктерін толық түсіне алған жоқ.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ойлау, ақыл, сана, өмірдің мәні, шексіздік, мүмкіндік Нарша Булгакбаев

Интернет пен әлеуметтік желіні қолдану кезінде сіздің назарыңызды аудару үшін олар сізге Аудио-Визуалды миға шабуыл жасайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, интернет, Әлеуметтік желі, назар аудару, ми Нарша Булгакбаев

Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады, сондықтан жағдайыңыз қандай болса да көрініп қойыңыз, тығылмаңыз, қашпаңыз, сізге көмектеседі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, өлім, жат, жағдай, көмек Нарша Булгакбаев

Кез келген кітапты бір оқығаннан түсінбеуіңіз мүмкін, сондықтан кітапқа тағы бірнеше мүмкіндік беріп көріңіз. Адамға кітап көмектесу үшін оны қайта-қайта оқу керек, себебі адам бейсанасына бір оқығаннан бәрі жазыла салмайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, адам, көмек, сана Нарша Булгакбаев

Ең әуелі өзімді бақытты етпей, басқаларды бақытты ете алмайтынымды түсіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты етпестен, басқаларға ешқандай пайдам да керегім де жоқ екенін сезіндім.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, сезім, керек, түсінік, пайда Нарша Булгакбаев

Адамның əрқайсысы өмір деп аталатын пьессаны, сценарийді үйлесімді, əуезді, қуанышпен ойнай алады, бірақ бұл үшін сіз өмір ережелерін, заңдылықтарын біліп, ойын техникасын игеруіңіз керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, өмір жайлы, пьеса, сценарий, ойын, ереже, Заң, техника Нарша Булгакбаев

Өмір (дүние) атты ойында "Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын" білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды, сондықтан Жаратушының жаратқан барлық табиғат (дүниелік) ж/е ғайып (ақырет) заңдылықтарына бағыну керекпіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, дүние, ойын, жаратушы, заңдылық, білім, ақымақ, надан, ақиқат, бостандық, еркіндік, табиғат, құран, ақырет Нарша Булгакбаев

Сіз ішкі шындықты өзгертпей сыртқы шындықты өзгерте алмайсыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, шындық, шындық туралы, шындық туралы нақыл сөздер Нарша Булгакбаев

Жалпы ойланудың өзі екіге бөлінеді: "дұрыс" (Ақиқатқа сүйенген) және "бұрыс" (өз шындығына сүйенген).

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ойлау, ойлану, ақиқат, шындық, дұрыс, бұрыс Нарша Булгакбаев

Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, шындық туралы, құдай, ғылым, иман, Рух, адамгершілік, түсінік, жаратылыс, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге мəжбүр етіп жатамыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, көлеңке, қараңғы, шындық, надандық, Адасқан өмір Нарша Булгакбаев

Өмір заңдылықтарын білмей жəне өз-өзіңіңізді түсінбей, сіз өз өміріңізді ақиқат қалауы бойынша жасай алмайсыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Заң, түсінік, ақиқат Нарша Булгакбаев

Өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс ол адам. Əлем, ғалам үшін сіздің əрбір ойыңыз – сөз, ал əрбір сөзіңіз – заң. Ой дегеніміз ол сіз ғана еститін ішкі сөздер.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сөйлеу, жаратылыс, адам, Әлем, ғалам, ой, сөз, Заң Нарша Булгакбаев

Сенім – біздің күнделікті өзімізбен не өзгемен сөйлеп жүрген сөздерімізге байланысты!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сенім, сөз Нарша Булгакбаев